24 наурыз 2017 18:52

Қазақстанда ерлі-зайыптының келісімінсіз казинода ірі ұтыс тігуге тыйым салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

ҚР Заңнамасына казинода немесе букмекер кеңсесінде ірі ұтыс тіккен кезде жеке тұлғадан оның әйелінің немесе күйеуінің келісімін алу туралы талап енгізу керек. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Бекжан Киманов айтты.


ҚР Заңнамасына казинода немесе букмекер кеңсесінде ірі ұтыс тіккен кезде жеке тұлғадан оның әйелінің немесе күйеуінің келісімін алу туралы талап енгізу керек. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Бекжан Киманов айтты.

Заңгердің айтуынша, осындай құмар ойындарды ұйымдастыратын адамдар физикалық тұлғалардан некесінің тіркелгені жайлы құжатты тексеруі керек. Оның айтуынша, бұл талап ерлі-зайыптының мүліксіз қалып қалу, тіпті қарыздармен қалу қаупінен қорғап, оның мүддесін қорғай алады. 

Сонымен қатар, заңгер ойынға құмар адамдардың тосыннан шешім қабылдауы үшін бір кедергілердің болуы қажет екенін айтып өтті. "5-6 миллиард теңгені жеңіліп қалатын адамдар бар. Бұл пәтерді сатумен тең ғой. Бірақ ұсақ сомада қойылған ұтыстар болса, оны әйелінің немесе күйеуінің рұқсатынсыз-ақ ойынға қатыстыруға болады. Меніңше, ұтыс 40 мың теңге болса. Ал біреу ұтысқа 100 мың теңге тігуі мүмкін - бұл дегеніміз оның бүкіл айлығы. Бұл жерде ол бүкіл айлығын толықтай ұтысқа тігіп тұр. Барды да барлық ақшасын қойды. Ұтысқа қойылған сома шамамен оның айлығының жартысы болуы керек. Осылайша, адамдар ортақ мүлікті ұтысқа тігіп жатады, тіпті туыстарынан қарызға ақша алады", - деді Киманов.

Өз кезегінде тағы бір заңгер Александр Каплан казино мен букмекер кеңселеріндегі ірі ұтыстар кезінде ерлі-зайыптының бірі ойынға келісімін бермей қоя алатынынын, бірақ мұның қиынға соғатынын айтып отыр. "Заң бойынша әйелі сотқа барып, шағымдана алады. Мысалы, ол бастапқыда ортақ мақсаттарға жұмсалуы тиіс қаражатты ұтысқа тігіп жіберген. Ал олар бұл ақшаға пәтер сатып алуды жоспарлауы мүмкін. Содан олар алдын ала келісімге отырады, бірақ күйеуі ақшаның барлығын алып, казинода жеңіліп қалады. Сондай-ақ, мысалы, несие алу кезінде күйеуі әйелінің келісімінсіз-ақ несие алып жатады, бұл жерде әйелі сот арқылы оның несие алуына жол бермейді", - деді заңгер.

"Халықаралық тәжірибені енгізген дұрыс сияқты. Біз бұл бизнесіміздің әлеуметтік тұрғыдан ешқандай зардап тигізбеуі үшін қандай да бір әлеуметтік жобаларды енгізуге келісеміз. Біз осы үшін күресіп жатырмыз. Бірақ қолданылатын шаралар дұрыс болуы тиіс", - деп қорытындылады заңгер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети