21 қыркүйек 2016 16:46

Қазақстанда жақын күндері күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Қазақстанда 23-24 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанда 23-24 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

23-24 қыркүйек аралығында Шығыс Сібір аудандарынан кірген салқын ауа ағыны Қазақстанның барлық аумағында температураның төмендеуіне алып келеді, - деп хабарлады мамандар.

Қара теңіздің жағалауынан жылжыған циклонның жылы ауа ағынының әсерінен алғашқы тәулікте, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында температураның көтерілуі жалғасады; Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, өткір жел тұрады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жазғы ауа райы сақталады. 

Осыған дейін қыркүйекте қандай ауа райы болады деген сұраққа мамандар былай жауап берген болатын: "Қыркүйек айының үшінші жартысында салқын леп пен жылу алмасып, ауа температурасы ауысып тұрады. Сондай-ақ, еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр қарға айналуы мүмкін".

Бұл болжамдар дәл келмеуі де мүмкін. Әлемдегі бірде-бір метеорологиялық қызмет 100 пайызға ауа райына болжам жасай алмайды. Сонымен қатар, маман "Қазгидромет" өкілдерінің бір тәулікке жасаған болжамы 90-95 пайызға дәл келетінін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети