Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда жаңа жеке зейнетақы қорлары пайда бола ма

15 Шілде 2015, 15:21
0
© 50plus.ru
© 50plus.ru

Ұлттық банктің төрағасы Қазақстанда жаңа жеке зейнетақы қорларының пайда болуы туралы мәселеге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан екі апта бұрын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев БЖЗҚ-дан бөлек тағы бірнеше жеке зейнетақы қорын құру туралы ұсыныс жасады. Мәжілісменнің ойынша, бұл жинақталған қаржының шығысына қатаң бақылау орнату үшін қажет. Бүгін Ұлттық банк басшысы депутаттық сауалдың банкке келіп түскенін хабарлады.

"Ереже бойынша, реформаға сәйкес - уақыт өткен сайын зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымдары қалқып шығады, айталық, бәрінен бұрын екі-үш бағытта белгілі бір пікірталас таралады: бірінші бағыт, тоғыз мемлекеттік емес және бір мемлекеттік зейнетақы қоры болғанда - ол жүйе, өкінішке қарай өзін ақтамады. Ол зейнетақы қорларының акционерлері кейбір екінші дәрежелі банктер болды. Біз көптеген дефолттық ұйымдарды таптық, олардың активтері бізге берілді. (...) Банктердің қаржыландыру мәселесі мынадай, ол жалпы, нақты инвестициялық белсендік пен халықты кіріспен қамтуға қарағанда болмашы жұмысқа бола көп машақат шегу жағдайын тудырды. Бұл саяси шешім, пікірталас екі жылға созылды. Ол қаржы Ұлттық банк түріндегі мемлекеттің басқаруында болуы тиіс", - деді Қайрат Келімбетов мысал келтіріп.

"Егер Ұлттық банк Қаржы министрлігінен мемлекеттік құнды қағазды сатып алса, ол екі мемлекеттік органның арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Мен, шынымды айтсам онша түсінбеймін, мұнда жоғары мөлшерлемеге қол жеткізу үшін Қаржы министрлігімен немесе Ұлттық банкпен бәсекелесе алатын мемлекеттік емес қор қайда?", - деді Қайрат Келімбетов Азат Перуашевқа белгіленген уақыт ішінде депутаттық сауалға жауаптың берілгенін айтып.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай