09 желтоқсан 2014 19:25

Қазақстанда жанармай бағасының төмен болуы ұзаққа бармайды - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанда жанармай бағасының төмен болуы ұзаққа бармайды. Tengrinews.kz тілшісіне мұнай-газ саласының сарапшысы Сергей Смирнов осындай пікір білдірді.


Қазақстанда жанармай бағасының төмен болуы ұзаққа бармайды. Tengrinews.kz тілшісіне мұнай-газ саласының сарапшысы Сергей Смирнов осындай пікір білдірді.

"Тәжірибе Қазақстанда жанармай бағасының төмендеуі ұзаққа бармайтынын көрсетіп отыр. Бізде отын бағасын қалыптастыруда ашықтықтың болмауы себепті отын құнын көтеруге дәйектер табылады. Тағы бір себеп - бізде шикі мұнайдың қосымша көлемі жоқ. (...) Мұнай өндірісі бізде тоқырап тұр. Міне, үшінші жыл 82 миллион тонна деген межеге жетпей келеді. Биыл мұнай өндіру жоспарланғаннан төмен болады, келесі жылы да солай", - деді Смирнов. 

Бұған қоса, сарапшының пікірінше, шенеуніктер айтқан алдағы уақытта Қазақстанда жанармайдың төмендеуі отандық мұнай өңдеу зауыттары құрылысы мен олардың күрделі жөнделуіне кері әсер етеді. "Бізде әдепкі уақытта жаңарту процесі баяу жүрді, ал қазір жанармай арзандаған кезде ол мүлдем тоқтап қалады", - деді Смирнов. 

"Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы" АҚ талдаушысы Талғат Балқияев та осындай пікірде. "Қазақстанда мұнай бағасының төмен болуы "ҚазМұнайГаз" компаниясы сатып алған, соның ішінде, Ресейден сатып алған жанармай таусылғанша сақталады. Ақпан айына дейін бұл жанармай жетеді деп ойлаймын, ары қарай оған рубль бағамы әсер ететін болады. Егер ол осы деңгейінде қалатын болса немесе тағы төмендесе ғана Қазақстанда жанармай бағасының арзандауы ұзаққа баруы мүмкін", - дейді сарапшы. 

Соған қарамастан, сарапшы Қазақстанда жанармай бағасының арзандауын "қолдан жасалған шара" дейді. "Қазақстанда жанармай бағасы ұзақ уақытқа арзан болуы үшін республикада отын қазіргіден кем дегенде 20 пайызға көп өндірілуі керек", - деді Балқияев. 

Еске сала кетейік, 8 желтоқсан күні Энергетика министрі Владимир Школьник акцизделетін тауарларға акциздерді бекітетін өзгерістерді енгізу ұсынылып отырғанын хабарлаған еді. Бұл өзгерістер 2015 жылдың қаңтарынан бастап, жанармай бағасын арзандатуға мүмкіндік береді. Бұл ақпаратты ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин растады. "Жақын арада мемлекеттің бақылауындағы мұнай өнімдерінің бағасы төмендеуі мүмкін. АИ-92 бензинінің бағасы 128-ден 115-ке, АИ-80 бағасы бұрынғы 89 теңгеде қалады, ал дизель отынының құны 115 теңгеден 107-ге түседі", - деді Қарабалин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети