12 шілде 2014 17:50

Қазақстанда жарты жылдың ішінде 10 тоннадан аса есірткі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

2014 жылдың жарты жылдығында Қазақстанда заңсыз айналымнан 10 тоннадан аса есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство ақпаратынша, көрсетілген мерзімде есірткіге қатысты 1894 қылмыс анықталған. Оның 1139-і есірткі сату бойынша. "Заңсыз айналымнан 10,3 тонна түрлі есірткі заты тәркіленген. Оның ішінде 91,6 келі героин да бар. Заңсыз есірткі айналымы саласында 28 қылмыс жасаған 5 ұйымдасқан топ жойылды", - дейді ведомства баспасөз қызметі. 

"Есірткі затынан түскен 16 миллион 750 мың теңге көлеміндегі табысты заңдастырудың 13 фактісі құжатқа түсірілді. Есірткі контрабандасының 61 фактісі анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік шекарадан 31,8 кг героинды өткізудің жолы кесілді. Сондай-ақ, полиция есірткіге қатысты 5887 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады", - делінген таратылған ақпаратта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети