23 қазан 2015 16:56

Қазақстанда жасы 30-ға жетпеген қанша әкім бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Республиканың білім және ғылым вице-министрі Қазақстанда жасы 29-ға жетпеген 140 адамның әкім қызметінде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Республиканың білім және ғылым вице-министрі Қазақстанда жасы 29-ға жетпеген 140 адамның әкім қызметінде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта жастардың билік органдарында қызмет етуге деген белсенділігі арта бастады. Бүгінге дейін 29 жасқа дейінгі әкімдердің саны 143, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға көп", - деді вице-министр Такир Балықбаев орталық коммуникациялар қызметінің мәслихатында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, республикада орта білім алған, бірақ жоғары білімі жоқ жастардың категориясы бар. "Елімізде конкурстық негізде жоғары білім алуға зор кепілдік бар, бірақ соңғы уақытта жастар орта білімді алғаннан кейін еңбек нарығына білімсіз шығатын болған. Бұл - проблема. 11 сыныптан кейін 30 мың жас жоғары білім алмайды", - деді білім және ғылым вице-министрі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жастардың бұл бөлігіне кепілдендірілген мамандық беру бойынша заңнамалық деңгейде шаралар жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети