29 сәуір 2015 16:14

Қазақстанда жер дауы соттың көмегінсіз шешілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vzakon.com © vzakon.com

Қазақстанда жер дауы соттың көмегінсіз шешілетін болды, - деп  хабарлайды "Крыша" порталы. ҚР Жер кодексінің қосымшасына сәйкес, енді жеке жер телімдеріне қатысты дау мен жанжалдарды сот тәртібімен емес медиаторлардың көмегімен шешуге болады.

Порталдың мәліметінше, бұл норма 2015 жылдың 2 мамырынан бастап заңды күшіне енеді. Бұрын ҚР Жер кодексінің 167-бабы бойынша, жер дауы сот тәртібімен қаралатын, енді бұл норма 2-тармаққа қосымша ретінде енгізілді. Жаңа пунктте былай делінген: "Жеке меншіктегі жер учаскелеріне байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен қаралуы мүмкін".

Қазақ медиация орталығының басшысы Ирина Виговскаяның айтуынша, медиаторлық көмек тек жеке тұлғалар үшін қолданылады. Егер жанжалдасушы тараптың біреуі заңды тұлға болса медиаторлар көмек көрсете алмайды.

Айта кетейік, мұндай делдалдардың қызметі ақылы, оның құны жанжалдың қиындығына байланысты белгіленеді. Егер клиент халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобынан болса қызмет үшін ақы алынбайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети