02 маусым 2014 16:09

Қазақстанда жер мәжбүрлі түрде тәркіленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©primeminister.kz ©primeminister.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында жер телімдерін тәркілеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевке сілтеме жасап. 


Үкіметтің бүгінгі отырысында жер телімдерін тәркілеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевке сілтеме жасап. 

Оның хабарлауынша, Қазақстанның жер қарым-қатынастарына арналған заңнамаға игерілмейтін және тиімсіз игеріліп жатқан жер телімдерінің нақты анықтамасы енгізілмекші. Соған қарай, ондай жерлерді тәркілеу туралы шешім шығарылады. "Бұдан бөлек, жер телімдерін мәжбүрлі түрде тәркілеу, сондай-ақ жерді жалға алу келісімшартын мерзімсіз тоқтату шаралы да қарастырылған", - деді бүгін Б.Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондай-ақ кепілдікте жатқан жерлерді пайдалану тетіктері де әзірленді. "Себебі ондай жағдайлар жиі кездеседі. Онымен бірге жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жерлерде құрылыс нысандарын салу жағдайлары да бар. Осы орайда біз елді мекен аумағындағы қосалқы шаруашылықта құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бердік. Ал егістік алаңдарында оған тыйым салынып отыр", - деп атап көрсетті министр. 

Министрдің сөзіне қарағанда, шетелдік инвесторлар үшін жерді жалға беру мерзімін ұзарту да ұсынылып отыр. Енді, шетелдіктер және шетелдік қаржысы бар компаниялар үшін жерді 10 жылға артық уақытқа жалға алуға мүмкіндік бар.Инвестор өз қаржысын ақтамайынша, сол жерде жұмыс істей алады.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети