Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда жезөкшенің қызметін пайдаланған ер адамдарды жазалау ұсынылды

01 Шілде 2015, 12:54
1
©pg13.ru
©pg13.ru

Қазақстанда жезөкшенің қызметін пайдаланған ер адамдарды жауапкершілікке тарту ұсынылды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында "Феминистская лига" ҚҰ президенті Светлана Морозова мәлімдеді.

Нақтырақ айтсақ, сұхбат құлдықтан зардап шеккендерге арналған баспаналар төңірегінде болды. Мұндай баспана Көкшетаудан көп уақыттан бері қызмет етіп келеді. Морозова бұл орталыққа жезөкше болған қыздардың түсетінін айтып берді. 

"Ертеде, 1997-99 жылдарда қыздар бұл іспен айналысқанына ұялатын. Олар жұмыс істеуге кетіп, кейін алданып қалатын. Қазір қыздар өз ниетімен жезөкшелік жолға түседі. Ертеде халық қыздарға көмектескісі келетін, ал бүгінде оларға деген қатынас өзгерді, толеранттылық жоқ. "Өзі кінәлі" деген сөзді әрдайым естиміз", - деді ол.

Қоғам қайраткері жезкөшелікті қарастыратын заңды қайта қарауды ұсынып отыр. "Барлығы жезөкшелерді жазалағысы келеді, алайда жауапкершілік алатын адамдарды жазалау керек деп ешкім айтпайды. Біреулер тіпті жезөкшелікті заңдастырса екен дейді, олардың айтуынша, медициналық қараудан өтсе болғаны деп есептейді. Кешіріңіз, бірақ бізде барлығы дәрігерге қаралады, алайда ауру бәрібір шығып жатыр", - дейді Морозова.

Ол сұраныс болмай ұсыныстың болмайтынын ескертті. "Егер тұтынушы өз-өзіне тыйым сала алатын болса, ештеңе де болмайды. Ал заңымызда жауапкершілікті тек жеңгетай алады, сондықтан жезөкшелер мен олардың қызметін тұтынушылар ары қарай жұмысын жалғастыра береді. Мұндай заң бізде жоқ, сондықтан қыздар өздері үшін жұмыс істеп жатқандай көрінеді", - деп мәлімдеді ол.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай