Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда жүрекке инвазиялық операция жасайтын құрылғы шығарылады

24 Сәуір 2015, 14:03
0
@Doctor.kz
@Doctor.kz

Қазақстанда жүрекке ішін ашпай операция жасайтын медициналық құрылғылар шығару жобасы жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Назарбаев Университеті" ДББ инновациялар вице-министрі Қанат Байғаринге сілтеме жасап.

"Біз қазір маңызды жобаларды жасауға дайынбыз. Осыған дейін ұшу жобаларын жасадық. Қазір жүрекке операция жасайтын медициналық құрылғыларды жасау жобасын дайындап жатырмыз. Бір жылда біз осы өнімді өндіріске шығарамыз деп ойлаймыз. Яғни, бұл жүрекке ішін ашпай-ақ жасалатын инвазиялық операция құрылғысы. Осыған дейін біз бұл жобаны жасау үшін америкалық бір компаниямен келісімшартқа отырдық ", - деді Байғарин ОКҚ брифингінде.

Ол Инновациялық технологиялар паркінің базасындағы мұндай өнімдер Қазақстанға ғана емес, Ресей, Орталық Азия елдеріне де шығарылатынын айтты.

"Біз осыған дейін Назарбаев кардиология орталығында операция жасадық. Ол сәтті шықты, сондықтан біз бұл жобаны еліміз үшін пайдалы деп есептейміз. (...) Қазір біз Қазақстанда тағы бірнеше операция жасауды жоспарлап отырмыз. Жоба келесі жылдың ортасына таман толық жұмыс істеп бастайды", - деді Байғарин. Ол осы құрылғымен жасалған операция бағасы қазіргіден он есе төмен болатынын атап өтті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай