05 қыркүйек 2018 21:17

Қазақстанда жыл басынан бері босану кезінде 40 әйел қайтыс болды - Біртанов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда жыл басынан бері босану кезінде 40 әйел қайтыс болды, олардың тең жартысына бала көтеруге тыйым салынған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда жыл басынан бері босану кезінде 40 әйел қайтыс болды, олардың тең жартысына бала көтеруге тыйым салынған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде жыл басынан бері осындай 40 өлім тіркелді. Ана өлімі біз қалаған және жоспарлаған көрсеткіштен әлдеқайда көп. Өткен жылмен салыстырғанда қандайда бір тоқырауды байқаймыз. Біз қалағанымен де ана өлімі азаймай отыр. Алайда Қазақстан осы көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр деп те айтуға болмайды. Жүкті әйел өлімі бойынша көрсеткіш экономикалық дамуы орта деңгейлі мемлекеттер көрсеткішімен бірдей, - деді министр. 

Оның айтуынша, бұған әсер етуші факторлар әр түрлі екен. 

"Сапалы медициналық көмек көрсету - негізгі факторлардың бірі, алайда жалғыз емес. Әйелдердің денсаулығы нашар, жүктілік кезінде ауырып қалуға бейім, артынша ұласатын аурулар түрі көп. Жүктілік кезінде қайтыс болу көрсеткішінің 50 пайызында, әйелдерге бала көтеруге тыйым салынған, науқас болу, дәрігерлер мұны әйелдерге айтқанымен де, олар жүктілікті тоқтатпайды. Бірден айтайын, мұндай мәселеге тіке және объектив қарау керек", - деді Біртанов. 

Айта кетейік, Астанада 21 маусымда № 1 перинаталдық орталықта әйел адам қайтыс болды, екіншісі 25 маусымда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі әйел де жүктілікке қатысы жоқ экстрагениталды аурумен ауырған. 2 шілдеде Орталықта тағы бір әйел қайтыс болды. 16 шілдеде № 2 перинаталдық орталықта босанғалы жатқан әйел қайтыс болды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылы шілдедегі мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда босанғалы жатқан 31 әйел қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети