13 маусым 2018 11:43

Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© smi44.ru © smi44.ru

Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 13 маусымдағы (09:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 13 маусымдағы (09:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай. Оның 12-сі өліммен аяқталған. 

"Алматы қаласында - 6 жағдай, Алматы облысында - 3 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 жағдай және Қызылорда облысында - 1 жағдай. Бұрын жыл басынан бері республикада 13 өлім жағдайы туралы мәлімделген болатын. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр.", - делінген хабарламада.

Биылдың 13 маусымдағы сағат 9:00 жағдай бойынша, зертханалық зерттеулер нәтижесінде Алматы облысында қайтыс болған бір адамда менингококк инфекциясы расталмағаны айтылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети