10 шілде 2015 11:24

Қазақстанда жылуға төленген ақша тұтынушыларға қайтарылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© egalite.com.ua © egalite.com.ua

Қазақстанда жылуға төленген ақша тұтынушыларға қайтарылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жылуға төленген ақша тұтынушыларға қайтарылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, комитет тұтынушыларға жылу құнын қайтадан есептеп бермекші. Қайта есептеу жыл сайын жылыту маусымының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Ол үшін жылуға арналған тариф пен "көше" температурасы қолданылады.

"Өткен жылыту кезеңі, яғни 2014-2015 жылдар үшін тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі қыс жылы болғандықтан, жылу шығыны болжамды (есептік) шығыннан едәуір аз болды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Мысалы Алматылықтарға - 347 миллион, БҚО тұрғындарына - 17 миллион, СҚО - 31,2 миллион және ШҚО тұрғындарына 99,4 миллион теңге қайтарылады. Тұтастай алғанда, жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 963,5 миллион теңге қайтарылады.

Айта кетейік, тұтынушылар өз тұрғын үйі алаңының жалпы көлемін шаршы метр үшін жылу құнына көбейту арқылы өз бетінше есептей алады. Мысалы, Ақмола облысында алаңы 52 шаршы метр пәтер иесіне шамамен 750 теңге (52х14,3=743,6) қайтарылатын болады. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети