23 ақпан 2017 12:37

Қазақстанда қалалану үдерістеріне баса назар аударылады - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсыбек Күлекеев Жақсыбек Күлекеев

Қалалану еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің әлемдік кеңістікте артуына ықпал ететін болады. Осындай пікірімен "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ бас директорының кеңесшісі, ҚР Үкіметі жанындағы сараптау кеңесінің мүшесі Жақсыбек Күлекеев бөлісті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премье-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Қалалану еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің әлемдік кеңістікте артуына ықпал ететін болады. Осындай пікірімен "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ бас директорының кеңесшісі, ҚР Үкіметі жанындағы сараптау кеңесінің мүшесі Жақсыбек Күлекеев бөлісті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премье-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан таңдаған индустриалды-инновациялық даму жолы таяу келешекте қалалану үдерістерінің ширақ жүргізілуіне, қалаларға ауыл халқының белсенді түрде көшуі есебінен қалалардың халық санының жылдам өсуіне әкелетіні сөзсіз. Бұл табиғи үрдіспен қатар еңбек өнімділігі арттады, себебі қалаға көшкен ауыл халқы индустриалды сектор кәсіпорындарына жұмысқа орналасады, онда әдетте еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен салыстырғанда жоғары болып келеді. Осылайша, Күлекеевтің пікірінше, қалалану еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің әлемдік кеңістікте артуына ықпал ететін болады.

Қазақстанның көптеген қалалары кеңес жылдары индустрияландыру, пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, өңдеу нәтижесінде қалыптастырылды. 1920-1983 жылдар аралығында Қазақстанда қала саны 19-дан 82-ге дейін артты, бұл қала тұрғындарының күрт өсуіне әкелді. Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде елімізде қалаланудың төменгі қарқыны байқалды, әлі күнге ауыл халқының үлесі (43 пайыз) жоғарғы деңгейде сақталып отыр. Айта кету керек, 1993-2013 жылдар аралығында қала халқының саны қысқарды, ал кейбір жылдары халықтың қалалардан ауылдарға кері қайтуы да байқалған болатын.

Күлекеевтің айтуынша, бұл үрдіс елімізде тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап ашық экономикалық саясат жүргізілуіне байланысты болды. Нәтижесінде еліміздің көбінесе оңтүстік өңірлерінде орналасқан өңдеу өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бәсекеге төтеп бере алмай, өндіріс көлемін қысқартуға немесе өндірісті толықтай тоқтатуға мәжбүр болды. Осы жағдайлар салдарынан қалаларда жұмыстарынан айырылған адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық қатарына қосылып, жаппай ауылды жерлерге көше бастады.

Өзгерісті кезең 2013 жылы басталды, осы жылдан бастап Қазақстанда қала халқы санының тұрақты өсуі байқалды. Сарапшының пікірінше, бұл жағдайға оң әсер берген Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болды, өйткені өнеркәсіпте еңбек ететін халық саны аталған бағдарламаны іске асыру жылдары шамамен 150 мың адамға ұлғайды, ал ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар саны 900 мың адамға қысқарды.  

ҚР Үкіметі 2030 жылға қарай қала халқының үлесін 70 пайызға дейін жеткізуді (бүгінде 53 пайыз) жоспарлайды. Сарапшының айтуынша, бұған объективті алғышарттар бар.

Бүгінде елімізде Индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасы іске асырылуда. Оны іске асыру белгілі-бір оң өзгерістер әкелетінін анық. Мысалға, бірінші жылы бағдарламаны ИИДМБ құралдарымен іске асыру кезінде шамамен 34 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды, олардың көбісі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Жұмысшыларының саны көп екінші сектор - сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету.

"Бүгінде ірі қалаларда төлемі жоғары болмаса да, жаңа жұмыс орындары ашылып жатқан сауда кәсіпорындары, тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары құрылуда. Экономиканың осы секторлары ауыл жастары үшін тартымды болып отыр, сол себепті де аграрлық салада жұмыспен қамтылғандардың саны күрт қысқаруда, әсіресе ондағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының қысқаруы қуантады", - деді Ж. Күлекеев.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында Үкіметтің алдына экономикалық өсімнің жаңа үлгісімен қамтамасыз ету туралы үлкен міндет қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономиканың алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларға бағдарланған инновациялық жолға ауысуын ерекше атап өтті және бизнестің дамуына ең қолайлы жағдайларды жасауды талап етті. Сарапшының пікіріне сәйкес, артып келе жатқан халықаралық бәсекелестік жағдайында экономика және әлеуметтік саланың тұрақты өсімін қамтамасыз ету елде адами капиталды арттыруға, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану үшін үздік жағдай жасалған кезде ғана мүмкін болады. 

"Демек, білім беру деңгейін, біліктілікті, еңбек қабілеттерін арттырып, кәсіпкерлікке қабілетті шыңдай отырып, сондай-ақ еліміздің талапты азаматтарына идеяларын жүзеге асыру үшін еркіндік беріп, адами капитал сапасын жақсартуға тұрақты жұмыс жасауымыз керек", - деп атап өтті сараптау кеңесінің мүшесі.

Сондай-ақ, ол бастамашыл, іскер адамдарды қолдаудың маңыздылығына баса тоқталып өтті, себебі қарқынды өзгерістерге толы ғасырда жоғарыдан бизнес идеяларды мәжбүрлеу арқылы жетістікке жету мүмкін емес. Егер қажетті жағдай жасалса, сауатты, талапты, іскер адамдар өздері елді жаңа биіктерге шығарады, деп есептейді сарапшы.   

Бүкіл әлемде қалалану үдерістеріне ерекше назар аударылады. Не себепті? Бәрі қарапайым, - деп сендірді Жақсыбек Күлекеев.

"Қалаларда өнімді еңбекпен қатар, адамдардың өмір сүруіне жақсы жағдай жасалуда: озық оқу орындары, үздік медициналық мекемелер, барлық жағдай жасалған жайлы үйлер, сондай-ақ қызмет көрсетулердің кең спектріне қолжетімділік адами капитал әлеуетінің артуына септігін тигізеді. Жалпы, бұл халықтың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер етеді", – деп атап өтті ол.

Бұдан өзге, Қазақстанның кең аумағында шашылған халықты қамту мемлекет үшін қымбат, өйткені әр елді мекенге жолдар, су құбырлары желісін және басқа да инфрақұрылым нысандарын, мектептер, ауруханалар салу қажет. Әрине, еліміз бойынша халықты тиімді орналастыру мемлекеттік бюджет қаражатын едәуір үнемдер еді. Жақсыбек Күлекеевтің айтуынша, қазіргі заманда осыған ұмтылу керек.    

Қалалану үдерісін қараған кезде, мәселенің екінші жағын да айта кеткен жөн. Ауылдардан қалаларға көшетін адамдардың қалтасы қалың емес, және жақсы жұмыс орнын табуға мүмкіндіктері де жоқ. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа құрылыс материалдары мен технологияларды пайдалану арқылы тұрғын үй құнын арзандату қажеттігін кездейсоқ айтпаған болатын.    

"Тұрғын үйдің құнын арзандату үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, арзан құрылыс материалдары өндірісін реттеу қажет. Тек жаңа технологиялар мен әлдеқайда өнімді жабдықты пайдалану құрылыс материалдарының, сондай-ақ ақырғы нысанның құнын төмендетеді", - деп есептейді сарапшы.

Сарапшының пікірінше, қалалану біздің қоғамдағы барлық проблемалардың шешімін табады деп қарастыруға болмайды. Бұл - табиғи үдеріс, ол таяу уақытта Қазақстан үшін де қатысты болмақ. Сондықтан, ол адамдардың ауылды елді мекендерден қалаларға көшуін жасанды итермелеуді құптамайды. Қазақстанның кең аумағында көптеген керемет елді мекендер бар, ол жердегі тұрғындар агробизнесті ұйымдастыра отырып, ел экономикасының дамуына өз үлесін қоса алады. Сондықтан, индустриялық сектордың қарыштап дамуын қамтамасыз етумен қатар, ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығын дамытудың және ауыл еңбеккерлерінің өмір сүру жағдайын жақсартудың қамын ойлауы керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети