27 шілде 2017 09:59

Қазақстанда қанша тұрғын үй салынды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда 2016 жылы құрылыстың көбейгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда 2016 жылы құрылыстың көбейгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2016 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3258,0 миллиард теңгені құрап, 2015 жылға қарағанда 7,4 пайызғаға көбейді. Құрылыс жұмыстарының едәуір үлесі (45,2 пайыз) ірі кәсіпорындармен орындалды. 

2016 жылы 10,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, ол 2015 жылға қарағанда 17,6 пайызға көп. Жеке құрылыс салушылармен 5,2 миллион шаршы метр салынды. Әрбір бесінші шаршы метр Астана қаласында пайдалануға берілген.

2016 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 89 жалпы білім беретін мектеп, 80 мектепке дейінгі мекемелер, 69 амбулаториялық-емханалық мекеме және 5 аурухана пайдалануға берілді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети