04 мамыр 2016 14:21

Қазақстанда киіктердің тағы да қырылуы ғажап емес - ҚР АШМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Cms.int © Cms.int

Қазақстанда киіктердің жаппай қырылу жағдайы қайталануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қымзетіне сілтеме жасап.


Қазақстанда киіктердің жаппай қырылу жағдайы қайталануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қымзетіне сілтеме жасап.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18 сәуірінен бастап Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясымен және "Қазавиақұтқару" АҚ-мен бірлесіп Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізіп жатыр.

АШМ ақбөкендердің көшіп-қону мекендері бойынша қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында киіктердің төлдеу орындарында "Ырғыз-Торғай" және "Алтын дала" екі мемлекеттік табиғи резерваттарының инспекторларын қайта топтастыру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Сонымен қатар, киіктерді қорғауды қамтамасыз етудің практикалық шараларымен қатар ұйымдастырушылық жұмыстары да жүргізілді. Орал популяциясын қорғау үшін Орал қаласында "Охотзопром" оралдық бөлімшесі ашылды. Бетпақдала популяциясын қорғауды қамтамасыз етуді Ақтөбе және Астана қалаларындағы жергілікті Батыс және орталық филиалдар жүзеге асырады.

Сонымен қатар браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін "Охотзопром" базасында өтімділігі жоғары автомашинамен қамтамасыз етілген тәжірибелі инспекторлардан құралған 6 арнайы жұмылдыру топтары құрылды. Мәселен, 2014 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бағынысты ұйымдарының инспекторлары рейдтік іс-шара жүргізу барысында браконьерлік және киік мүйіздерін саудалау бойынша шамамен 79 факті, ал 2015 жылы 107 әшкерелеп отыр.

"Киіктерді қорғау шаралары қаншалықты ұтымды әрі оперативті жүргізілгенімен, ҚР АШМ өткен жылғы киіктердің жаппай қырылуының қайталанбасына қатты алаңдаушылық танытып отыр", - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, 4-5 сәуірде Астана қаласында Қазақстанның кедендік, ғылыми, табиғат қорғау ұйымдарының, Ұлыбритания, Германия сарапшыларының қатысуымен Халықаралық жиын өтіп, нәтижесінде Бетпақдала популяциясы киіктерінің өткен жылғы жаппай қырылуының халықаралық және отандық мамандандырылған институттарда жүргізілген далалық және лабораториялық зерттеулерінің нәтижелері талқыланды.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ ғылыми ұйымдарының алдында пастереллездің қозуының нақты себептерін анықтау, сондай-ақ, болашақта киіктерге қатысты жұттың алдын ала шараларының жүргізілуі бойынша нақты тапсырма жүктеліп отыр.

ҚР АШМ мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда ақбөкендердің Бетпақдала, Орал және Үстірт үш популяциясы мекен етеді. Ақбөкендердің еліміздегі қазіргі таралу аумағы Қазақстанның орталық, солтүстік және батыс өңірлеріндегі он әкімшілік территорияны қамтиды, сондай-ақ, көрші Өзбекстан және Ресей Федерациясында да кеңінен таралған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети