Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда қоғамдық орындарда есірткіге мас күйінде жүргендерді жазалау ұсынылды

11 Тамыз 2015, 15:22
0
© gorodkirov.ru
© gorodkirov.ru

Қазақстанның Бас прокуратурасы қоғамдық орындарда есірткіге мас күйінде жүргендерді жауапқа тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство өкілдері Ресейдің үлгісіне сілтеме беріп отыр. Ол жақта тиісті өзіндік норма бар. Сонымен қатар, мастықтың қандай психобелсенді затты пайдаланғаннан кейін болғаны маңызды емес. Ішімдікке немесе есірткіге мас болудың дәрежесі медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша анықталады.

Осыған ұқсас жағдай Беларусь Республикасында да бар. Бұл елде заңға тиісті өзгертулер 2015 жылы енгізілді. "Біздің көзқарасымыз бойынша, отандық заңнамаға қоғамдық орындарға ескірткі ғана емес, токсикоманиялық мастық күйінде барғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізу қажет (тиісті түзетулер жетілдіріліп жатыр)", - деп мәлімдеді қазақстандық Бас прокуратураның өкілдері.

Ведомстводағылардың мәліметінше, есірткіні заңсыз айналымға шығарудың қылмыстық жауапкершілігі ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша тағайындалады.

Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде есірткіні пайдалануға қатысты қозғалған іс жетерлік. Ал қолданылатын жазалардың арасында айыппұл мен қоғамдық жұмысқа тарту түрлері басым. Мысалы, 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 770 адамға айыппұл салынды, ал қоғамдық жұмысқа 654 адам тартылды, 2014 жылы жазаның бұл түрлері қолданылмаған. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру жазасын қолдану да 21,5 пайызға төмендеді, 2014 жылы олардың саны 650 болса, биыл - 510. Сондай-ақ, шартты жаза 106-дан 69-ға немесе 34,9 пайызға азайды.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай