24 қараша 2019 09:25

Қазақстанда көктайғақ болып, боран соғады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 24 қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.


Синоптиктер 24 қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың басым бөлігіне қар жауады, тек батыста антициклон сілемінің ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында боран соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, боран соғады. Қарағанды облысында көктайғақ, боран соғады. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети