01 қаңтар 2015 11:27

Қазақстанда көлікті жол бойына қоюға салынған тыйым алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда көлікті белгіленбеген жерлерге қоюға салынған тыйым алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді.


Қазақстанда көлікті белгіленбеген жерлерге қоюға салынған тыйым алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

24 желтоқсандағы жаңа құжатқа сәйкес, "Жол қозғалысы туралы" заңда "Механикалық көлік құралының меншік иесі мен жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері" деген 54-бапқа өзгерістер енгізілді. Нақтылап айтсақ, 22-тараушадан жолдарда және елді мекендегі көшелерде көлік қоюға болмайтыны жайлы айтылған сөйлем алынып тасталды.    

Осыған дейін жол бойында көлік қоюға салынған тыйым қоғамда қызу пікірталас тудырған еді. Түрлі сарапшылар, заңгерлер және қоғамдық ұйым өкілдері жаңа "Жол қозғалысы туралы" заңның қалаларда жол инфрақұрылымның, яғни көлік қоюға рұқсат беретін жол белгілерінің жоқтығын айтып, қолданылмайтынын мәлімдеген еді. Полиция өкілдері болса жол белгілерін жеткілікті түрде орнату қала әкімдіктерінің жұмысы екенін айтты. 

Айта кетейік, арнайы белгіленбеген жерлерде көлік қоюға салынған тыйымның алынып тасталуы - енгізілген жалғыз өзгеріс емес. Осыған дейін "Жол қозғалысы туралы" заңнан автомобильді жүргізуге сенімхаттың да міндетті құжаттар тізімінен алынып тасталғаны хабарланған еді. Мұнымен қатар, міндетті техникалық байқаудан өтуге байланысты өзгерістер болды. Оның алдында автокөлік жүргізушілері көлігінің шыққан жылы төрт жылдан аспаса ғана техникалық байқаудан босатылса, жаңа өзгерістерге сәйкес, бұл мерзім жеті жылға дейін ұзарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети