29 мамыр 2015 12:52

Қазақстанда көліктердің мемлекеттік номеріндегі әріптердің "әдемі" үйлесімі де сатылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews Иллюстрация © Тengrinews

Қазақстан ІІМ әріптік белгісі бірдей мемлекеттік номерлердің баж салығын арттыру туралы мәселені қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан ІІМ әріптік белгісі бірдей мемлекеттік номерлердің баж салығын арттыру туралы мәселені қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда ІІМ "Жол қозғалысы мәселелері туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасына әріптік белгісі бірдей мемлекеттік номерлердің баж салығын арттыру туралы толықтыру енгізуді жоспарлап отыр", - деп жауап берді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха, Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап беріп.

Оның айтуынша, бұл мәселе қазір қаралып жатыр.

Сонымен қатар, ІІМ мамандарының айтуынша, сөйлеу мәдениеті мен айтылу ережесіне сай келтмейтін белгілер мемлекеттік тіркеу номерлерінің әріптік комбинациясынан алынып тасталды.

Айта кетейік, "беделді" мемлекеттік тіркеу номерлерін сату 2014 жылы 20 қазанда басталды. Ол кезде 777, 001, 002, 003, 004, 005 және тағы да басқа VIP-номерлер туралы айтылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети