11 қыркүйек 2015 13:54

Қазақстанда көпқабатты үйлерді газдандыруға қойылған шектеулер алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kp.ru © Kp.ru

Қазақстанда көпқабатты үйлерді газдандыру жөніндегі түзетулер бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда көпқабатты үйлерді газдандыру жөніндегі түзетулер бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ тұрғын үйлерді газдандыруға қойылатын талаптарды регламенттейтін кейбір нормативтік құжаттарға ұсыныстар әзірлеп, өзгерістер енгізді.

"Егер бұрын ғимараттарды жобалау және салу жөніндегі құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес, газ пайдаланатын жабдықтарды оныншы қабаттан жоғары орнатуға рұқсат етілмеген болса, енді бұл шектеулер алып тасталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын жайларға жапсарлас салынған құрылыстарға газ отынын жағатын шағын метражды жылыту қазандарын орнатуға қойылған шектеулердің де күші жойылды. Бұдан басқа, енгізілген өзгерістерге сәйкес газ жабдықтары орнатылған әрбір үй-жайды табиғи және улы газ (көміртек тотығы) қауіпті концентрацияға жеткен кезде газ беруді автоматты түрде тоқтататын қауіпсіздік жүйесімен міндетті түрде жабдықтау жөніндегі талап белгіленді.

Айта кетейік, отандық нормативтік техникалық құжаттарға осы өзгерістерді енгізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. "ҚазТрансГаз" АҚ мамандары биік үйлерді газдандыру жөніндегі халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп, үйішілік газ құбырларына алдын ала инженерлік-техникалық есептемелер жүргізді, содан кейін Қазақстан Республикасының және көршілес мемлекеттердің нормативтік құжаттарына талдау жасады. Нәтижесінде, тиісті материалдар дайындалып, Стандарттау жөніндегі техникалық комитетпен бірлесіп, белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізілді.

Үш нормативтік құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: "Газ тарату жүйелері"; "Тұрғын жайлар"; "Газ тәрізді және сұйық отынмен жұмыс істейтін шағын метражды жылыту қазандарына арналған технологиялық жобалау нормалары. Өртке қарсы талаптар".

Қабылданған өзгерістер газ пайдаланатын жабдықтар орнатуды, сондай-ақ көпқабатты тұрғын жайларға жапсарлас құрылыстарға жобалау мен құрылыс салу сатысынан кейін де газ отынын жағатын шағын метражды жылыту қазандарын орнатуды көздейді. "Енді олар пайдалануға беріліп қойған көпқабатты ғимарат тұрғындарының өз қалауы бойынша тамақ әзірлеу, тұрмыстық мұқтаждар үшін ыстық суды ысыту және жылыту үшін қымбат бағалы электр энергиясын пайдаланудан табиғи немесе сұйытылған газға көшу мүмкіндігін көздейді", - деп хабарлады "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети