21 сәуір 2014 15:18

Қазақстанда күл-қоқыс алаңдарының тек біреуі ғана талапқа сай

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото 24news.kz сайтынан Фото 24news.kz сайтынан

Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, Қазақстандағы күл-қоқыс алаңдарының тек біреуі ғана санитарлық талаптарға сай келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, Қазақстандағы күл-қоқыс алаңдарының тек біреуі ғана санитарлық талаптарға сай келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде тек Астана қаласының полигоны (кұл-қоқыс алаңы - авт.) ғана барлық санитарлық талаптарға сай келеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған басқа полигондар ол талаптарға, еуропалық стандарттарға сай емес. Сондықтан біз осы мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бағдарламасын қабылдағаннан кейін қазіргі полигондар ретке келтіріліп, талапқа сай келетін жаңа алаңдар салынатын болады", - деді Н.Қаппаров бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бағдарламасы алдағы екі-үші аптаның ішінде қабылдануы мүмкін. Ал оны іске асыру жұмысы келесі жылы басталады. Сөйтіп, Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды утилизациялаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру жоспарланып отыр. Бүгінде ондай жүйе, яғни пластмасс, қағаз, электрондық құралдар және тағы басқа қалдықтарды бөлек-бөлек жинау тәжірибесі дамыған мемлекеттерде кеңінен тараған. Соңғы уақытта Астанада люминесценттік лампаларға арналған күл-қоқыс жәшіктері орнатыла бастады. Бұл да - экологиялық қауіпті заттарды утилизациядаудың бір жолы.  

Ал министр Н.Қаппаровтың сөзіне қарағанда, болашақта Қазақстанның орталық немесе шығыс аймағында аккумулятор, батареялар және тағы басқа тұрақты органикалық қалдықтарды жоятын зауытты салу жоспарланған. Бұл жоба Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске аспақ. Онда ірі өндірістердің қауіпті қалдықтары да утилизацияланады.    

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети