27 маусым 2016 12:30

Қазақстанда күйдіргінің адамдарға неден жұққаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ikar.info © ikar.info

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күйдіргінің шығуының алдын ала себептері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күйдіргінің шығуының алдын ала себептері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2016 жылғы 25 сәуірге Қарағанды облысының Еркіндік елді мекенінде адамдардың күйдіргіге күдікпен 8 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде екеуі өліммен аяқталды. Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық тергеу барысында індетке қарсы іс-шаралар кешенін жүргізді", - делінген хабарламада.  

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, індеттің адамдарға жұқтыру көздері мен факторлары анықталды. Олар: жұқпаның көзі күйдіргімен ауырған жануар (сиыр) болып табылды. Ветеринарлық қараусыз ауру жануарды еріксіз союға қатысу кезінде қатынасу арқылы және оны 11 ауылдас отбасына сатудан адамдарға жұқтыру болған. Бұдан әрі тағамдық жолы қосылған. Жануарға жұғу қоршалмаған мал көмінділерінің маңында жаю нәтижесінде және жануарларды күйдіргіге қарсы вакциналаудың тиімсіздігінен болуы мүмкін екендігі де айтылады. Мұның үстіне, инсинераторларда жануарлар өлекселерін жағу сұрақтарының шешілмеуінен жағдай қиындаған.

"Науқас және байланыста болған тұлғаларды белсенді анықтау мақсатында аулаларды аралау ұйымдастырылды. 21 аула араланып, 115 адам қаралды және сауал жасалды, 70 қатынаста болған тұлғаларға медициналық байқау қойылды, медициналық қарау және антибиотикпен емдеуге бақылау жүргізілуде", - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Науқас адамдардан, байланыста болған адамдардан, еріксіз сойылған жануардың еті мен терісінен, қоршаған орта объектілерінен (топырақ, қи) материалдардың жедел зертханалық тексерулері ұйымдастырылып жүргізілді. Материалдарды зертханалық зерттеудің (ПТР, бактериологиялық) оң нәтижелері негізінде сегіз науқасқа "күйдіргі" диагнозы қойылды.

Барлық ошақтарда қорытынды дезинфекция жасалыпты. Сонымен қатар, ветеринарлық қызмет арқылы сою орны анықталып, сойылған сиырдың терісі мен қалған еті жойылды, жануарды ұстау және сою орындарының дезинфекциясы жасалды. Ауылда жануарлардың вакциналануы тексеріліп жатыр. Күйдіргіге күдікпен тағы бір жануар (ІІМ) анықталды және оқшауланып жойылды.  

Қазіргі уақытта күйдіргі ошағының таралуына жол бермеу бойынша індетке қарсы және ветеринарлық іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізіліп жатыр. "Биылғы 23 маусымынан Еріндік селосының тұрғындары арасында күйдіргімен ауырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Жағдай бақылануда. Індетке қарсы іс-шаралар жалғасуда", - деп хабарлады министрлік өкілдері.  

Анықтама: адамдардың ауруының күйдіргіге күдікпен 9 жағдайы болған, оның 8 жағдайы зертханалық расталып, 1 диагноз алынып тасталды.

Шығыс Қазақстан облысындағы "күйдіргі" бойынша жағдай туралы мамандар мұнда өлім жағдайыларының жоқ екенін хабарлап отыр. "2016 жылғы 15 маусымға Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау селосында адамдардың күйдіргімен ауыруының 2 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, өлім жағдайлары жоқ. Науқастар жұқпалы ауралар ауруханасында ем алуда. Байланыста болғандар (29 адам) алдын алу мақсатында антибиотикпен емделуді жалғастыруда, науқастар анықталған жоқ (аула аралау және термометрия). Биыдғы 15 маусымнан қазіргі уақытқа дейін Қалбатау ауылы тұрғындарының арасында күйдіргімен аурудың жаңа жағдайлары анықталған жоқ", делінген хабарламада.  

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық тергеу барысында індетке қарсы іс-шаралар кешенін жүргізді. Адамдарға жұқтыру көздері мен факторлары деп жұқпаның көзі күйдіргімен ауырған жануар (сиыр) болып табылғаны аталып отыр. "Ветеринарлық қараусыз ауру жануарды еріксіз союға 5 маусымда қатысу кезінде қатынасу арқылы адамдарға жұқтыру болған. Қазіргі уақытта күйдіргі ошағының таралуына жол бермеу бойынша індетке қарсы және ветеринарлық іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізілуде. Жағдай бақылануда. Індетке қарсы іс-шаралар жалғасуда", - деп хабарлады министрліктің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети