29 желтоқсан 2018 15:35

Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күні өзгертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі күнгі демалысты 10 мамырға ауыстырды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі күнгі демалысты 10 мамырға ауыстырды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің № 888 қаулысы 2018 жылдың 26 желтоқсанында қабылданды. Осылайша, қазақстандықтар Жеңіс күніне орай, 9 мамырдан (бейсенбі) 12 мамырға (жексенбі) дейін демалады.

Айта кетейік, келесі жылы барлығы 119 демалыс күні бар.

2019 жыл әдеттегідей жаңажылдық 4 демалыс күнінен басталады: 30, 31 желтоқсан мен 2019 жылдың 1 және 2 қаңтары. 

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, еліміздегі Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ал Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл (1-2 кантар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (21-23 наурыз), Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз), Республика күні (25 казан). Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети