Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі пайда болды

11 Желтоқсан 2015, 19:26
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жаңа ведомствоның басшысы болып Президент Әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары Талғат Донаков тағайындалды.

Жарлықтың мемлекеттік қызметтің жаңа моделін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында ашылғаны айтылады. 

"Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде оған таратылып отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүлкін және істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылсын", - делінген Жарлықта. 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді негізгі функциялары етіп айқындап, Министрліктің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросын құру тапсырылды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындалғаны және лауазымнан босататыны хабарланып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай