06 қаңтар 2015 19:33

Қазақстанда нәрестелер өлімі 13 пайызға азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстандағы нәрестелер өлімінің 2014 жылғы көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2014 жылы 11 айдың ішінде тірі туылған мың сәбиге шаққанда 10 бала шетінеген.

Нәрестелер өлімі бойынша ең төменгі көрсеткіш Астана қаласында, одан кейінгі орындарда Алматы қаласы мен Ақмола облысы тұр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәрестелер өліміне көп жағдайда перинаталдық кезеңдегі асқынулар мен бір жасқа дейінгі балалардың дамуындағы ақаулар, тынысалу органдары мен қанайналымы аурулары себеп болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсаны күні 820 сәби дүниеге келгені хабарланған болатын. Жаңа жыл келетін күні жаңа туған нәрестелердің саны жөнінен республика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастады. 31 желтоқсан күні өңірде 224 бала туылды. Одан кейінгі орында Алматы облысы - 87 бала және Алматы қаласы тұр - 82 бала. Төртінші орында Жамбыл облысы, мұнда 71 бала туылған, ал Шығыс Қазақстан облысында 67 бала дүниеге келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети