Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда несие беру тәртібін түсіндіретін Call-орталық құрылды

29 Сәуір 2014, 18:11
0
Фото inostr.com сайтынан алынды
Фото inostr.com сайтынан алынды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсету шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің несие беру тәртібін түсіндіру бойынша Call-орталық құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингіне сілтеме жасап.

"Call-орталық негізі Ұлттық қордың шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бөлген ақшасын кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктерден несие арқылы қалай алудың жолдарын түсіндіреді. "Даму" қорының Call-орталығына Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарында тұратын барлық азаматтар 1408 нөмері арқылы хабарласа алады. Қазақстан бойынша қоңыраулар тегін",- делінген хабарламада.

Банк менеджерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттері орын алса, дәлелді себептерсіз несие беру процесін созу, былық-шылық – барлық осы мәселелер бойынша тікелей Call-орталыққа немесе "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына хабарласуға болады. "Даму" қорына несие беру мәселелерін қарастыру кезінде ЕДБ қызметкерлері арасында жемқорлық және парақорлық фактілері бойынша кәсіпкерлердің өтініштері мен арыздарын тіркеп, оларды жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдарға жіберу тапсырылды.

Егжей-тегжейлі ақпаратты өңірлеріңіздегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан алуға болады. Еске сала кетейік, бұл ақша қаражаттары Ұлттық Қордан бөлініп, 13 коммерциялық банкке орналастырылды, аталған банктер шағын және орта бизнеске жылдық 6 % мөлшерлемесімен несие бере бастады. 50 млрд теңге шағын және орта бизнестің жаңа жобаларын қаржыландыруға бөлінді, оның 25 млрд теңгесі азық-түлік өндірісіне жұмсалады. 50 млрд теңгесі өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ субъектілеріне бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталады.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ - бұл "Бәйтерек" холдингінің құрамына берілген 10 даму институтының бірі. Қордың негізгі мақсаты Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай