Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда оқу жылының қанша күнге созылатыны белгілі болды

06 Сәуір 2016, 21:31
2
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер бес күндік оқу аптасы мен жаңарған оқу бағдарламасын енгізуде оқу жылының 10 күнге созылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта интернеттегі қолданушылардың білім беру мектептерінің оқушыларының бес күндік оқу аптасына өтетіндігіне және жазғы уақыттағы каникулдың қысқаруына алаңдаулы. 

"Қазақстанда бірінші сыныптардың оқу жылы 33 күннен тұрады. 2016 жылы жаңарған бағдарламаға өткен бірінші сыныптары аптасына бес күн оқиды. Жаңарған бағдарлама оқу жылының бес күнге ғана ұзаруын талап етеді - 1 маусымға дейін. Алайда бос қалған сенбі күндерін есептесек, демалыс күндері 33 күн болады. Қазіргі бағдарламаны өзгеріссіз қалдыратын болсақ, оқу аптасының қысқаруынан мектептерде оқыту маусымның соңына дейін ұзарар еді. Бес күндік оқу аптасын енгізу мен жаңарған бағдарламаны енгізудің басым екені, біздіңше, даусыз", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Ведомство өкілдері 2017-2019 жылдар аралығында барлық деңгейдің бес күндік оқу тәртібіне бір-бірлеп көшетінін атап өтті.

"Жаңарған бағдарламаларды енгізумен орта және жоғары сыныптарда оқу жылы (34 апта) 10 күнге ғана ұзарады, бірақ оқушыларға жылына 34 демалыс күні беріледі (сенбілер). Жаңарған бағдарламалар бойынша оқыту күзгі, қысқы және көктемгі каникулдың күндерін қысқартады", - деп түсіндірді министрліктегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева жазғы демалыстың 1 шілдеден басталуын дұрыс деп есептейтінін мәлімдеген болатын.

"Бұл міндетті түрде қажет болады. Егер біз бес күндік оқу аптасын енгізсек, оқушы тағы 36 күн демалады. Олар осы 36 күнді қалай да оқу керек. Сондықтан да оқу жылын ұзартамыз. Қазіргі кезде бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды деп жоспарланып отыр. Жыл сайын оқу жылы ұзара түседі, жоғарғы сынып оқушылары маусымның ортасына дейін оқиды. Ары қарай оқу жүктемесіне байланысты шешім қабылдаймыз", - деген еді кейін Ерлан Сағадиев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай