Қазақстанда орман өртсөндірушілерінің жалақысы қанша: вице-министр жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда орман өртсөндірушілерінің жалақысы қанша: вице-министр жауап берді Фото:gov.kz

Қазақстандағы ауқымды орман өрттерінен кейін орман өрті станциялары қызметкерлерінің жалақысы өсіп, қосымша үстемеақылар енгізілді. Экология министрлігі бұл саладағы мамандар бүгінде қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандағы ауқымды орман өрттерінен кейін орман өрті станциялары қызметкерлерінің жалақысы өсіп, қосымша үстемеақылар енгізілді. Экология министрлігі бұл саладағы мамандар бүгінде қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шәрбиевтің айтуынша, Президент тапсырмасымен 2022 жылдан 2024 жылға дейін бұл саладағы азаматтық қызметшілердің жалақысы екі есеге артты.

"Өрт сөндіруге тартылған барлық адам үшін 100 пайыздық үстемеақы қарастырылған. Барлық азаматтық қызметшілерге 2022 жылдан 2024 жылға дейін жалақы 100 пайызға көтерілді", - деді Шәрбиев үкімет отырысында.

Вице-министрдің нақтылауынша, өрт сөндіру көлігі жүргізушісінің орташа жалақысы шамамен 275 мың теңгені, орман өрті станциясы бастығының жалақысы - 355 мың теңгені құрайды, ал орман өртсөндірушісінің жалақысы - 250 мың теңгеге жуық. Оның айтуынша, тікелей ормандарда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жұмыс істейтін мемлекеттік инспекторлардың жалақысы бұдан да жоғары.

Бұл ретте 100 пайыздық үстемеақы әкімшілік персоналға, бухгалтерлерге, экономистерге және маусымдық жұмысшыларға қолданылмайды. Нүркен Шәрбиевтің айтуынша, олардың жалақысы орташа есеппен 150–160 мың теңгені құрайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.21   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +27
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +35
П
Павлодар +31
Петропавл +34
С
Семей +34
Т
Талдықорған +24
Тараз +32
Түркістан +27
О
Орал +31
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер