Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мерекеленіп жатыр

07 Мамыр 2014, 11:30
7
Фото ©Тұрар Қазанғапов
Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның әр өңірінде Отан қорғаушылар күні атап өтілуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Мереке күніне орай бүгін Астанада негізгі әскери шеру өтеді.

Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысады деп күтілуде. Мерекелік шара "Қазақ елі" алаңында Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық гвардия қызметкерлері мен жауынгерлерінің қатысуымен өтпек. 

Салтанатты шараға екі мыңнан астам әскерилер қатысатын болса, олардың мың жарымын еліміздің Қарулы күш құрылымдарында қызмет ететіндер құрайды. Онда сондай-ақ, 250 дана әскери техника түрлері, 600-ге жуық десанттар мен экипаж мүшелері, 75 дана ұшатын аппараттар қатыспақ.

Шеру барысында ұшқыштар көрермендерге Су-27 ұшақтарымен көріністер көрсетіп, түрлі қимылдар жасамақ. Бұл шеруде алғаш рет Evrocopter ЕС-145 концерннің жаңа техникалары мен Airbus Military C-295s маркалы әскери ұшақтар көпшілікке көрсетілетін болады. 

Әскери шеру тікелей эфирден Астана уақытымен 11 сағат 40 минутта  TengrinewsTV сайты мен 24.KZ телеарнасынан көрсетіледі.

Атап өтейік, 2012 жылы қазанның 19-ы күні Нұрсұлтан Назарбаев мамырдың 7-сін Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік жаңа мереке ретінде тойлауға арналған "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.

Ресми түрде бұл күн - Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің туған күні.

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай