06 сәуір 2015 18:53

Қазақстанда өз сайлау учаскеңді SMS арқылы білуге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Сайлау учаскесін SMS-сервис арқылы анықтауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін, елорда әкімдігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Сайлау учаскесі туралы ақпарат іздеу" интерактивті SMS-қызметін іске қосты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл сервис азаматтарға сайлау учаскесінің номері, мекен-жайы, телефон және ғимараттың орналасқан жері көрсетілген сайлау учаскесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін 414 номеріне [код сөзі] бос орын [азаматтың ЖСН] жазылған SMS-хабарлама жіберу керек.

"Мәтіндік хабарлама мына нұсқада бола алады: Мемлекеттік тілде ақпарат алу үшін "Сайлау ЖСН" немесе "Saylau ЖСН" сөзін теру керек (мысалы, Сайлау 123456789012). Орыс тілінде ақпарат алу үшін "Выборы ЖСН" немесе "Vibory ЖСН" сөзін теру керек (мысалы, Выборы 123456789012)", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қызмет ақылы. Қызметті алған жағдайда пайдаланушы SMS-хабарламаның құнын ғана төлейді, ол 7 теңгені құрайды және абоненттің телефон бірліктерінің есебінен алынады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети