21 шілде 2015 16:23

Қазақстанда полицейлерді көлікті тоқтатқаннан кейін оған 5 минуттан кешікпей жақындауды міндеттеу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" Заңына өзгерістер енгізу туралы" жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Осының аясында жұмыс тобына полицейлерді көлікті тоқтатқаннан кейін оған 5 минуттан кешікпей жақындауды міндеттеу туралы ұсыныс түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ұсыныс авторы депутат Сәкен Жылқайдаров айтып берді.


Қазақстан Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" Заңына өзгерістер енгізу туралы" жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Осының аясында жұмыс тобына полицейлерді көлікті тоқтатқаннан кейін оған 5 минуттан кешікпей жақындауды міндеттеу туралы ұсыныс түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ұсыныс авторы депутат Сәкен Жылқайдаров айтып берді.

Оның айтуынша, қазір заңнама бұл жағдайды реттемейді. Оның үстіне, полицей автомобильді тоқтатқан соң жүргізуші рұқсатсыз одан шыға алмайды. Осыған байланысты депутат жүргізушіге егер оған полиция қызметкері бес минут ішінде жақындап, тоқтату себебін атамаған жағдайда қозғалысын жалғастыра беруге рұқсат беруді ұсынып отыр. 

"Мен 5 минутты ең тиімді нұсқа деп ойлаймын. Алайда бұл тек талқылауда. Егер полицей өзге жүргізушімен сөйлесіп, уақыты болмаса оған тоқтаған екінші жүргізушіге барып, күте тұруын сұрауына бес минут жеткілікті. Яғни, оған назар аударуы. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің автокөлікті тоқтатып, жүргізушіге көп уақыт бойы жақындамайтын жағдайлары және салдарынан жүргізуші оны көліктен шықпай күтіп отыратын жағдайлары көп", - деді Жылқайдаров.

Мұнымен қатар, заң жобасының аясында депутат жүргізушілерге тоқтатқан полиция қызметкерінің әрекетін суретке және видеоға түсіруге рұқсат беруді ұсынып отыр. Қазіргі заңда бұл жағдай қарастырылмайды. "Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде видеотіркеу камералары бар, олар қосулы болуы да мүмкін. Осыған байланысты жүргізушінің құқық қорғау органдарының қызметкерінің әрекетін камераға тіркеуге және жазбаны қажет болған жағдайда дәлел базасы ретінде қолдануға құқығы болуы керек", - деді депутат.

Жылқайдаровтың тағы бір ұсынысы "Механикалық көлік құралының иесі мен жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері" бабына қатысты, оған сәйкес, жүргізушіге автомобильді жүргізу кезінде ұялы телефонды немесе құлаққап я болмаса дауыс зорайтқыш құралын қолдануына тыйым салынады. Депутат бапта автомобильдің жүріп бара жатқан кезінде ғана осы тыйымның салынуы керектігін көрсету керек деп есептейді.

"Автомобильдердің кептелісі пайда болғанда жүргізушінің өз жолаушыларының денсаулықтарына қатер төнсе олардың қауіпсіздігі үшін құтқару қызметіне телефон соғуына тура келетін жағдайлары жиі болады. (...) Мен де тәжірибесі бар жүргізушімін және жол жүру кезінде ұялы телефонды қолданудың қауіпті екенін түсінемін. Алайда тоқтап тұрған кезде телефон соғу керек болып қалады", - деп түсіндірді Сәкен Жылқайдаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети