Қазақстанда полицейлерге шабуыл жасаудың жазасын қатаңдату ұсынылды

11 Қараша 2016, 14:08
0
Қазақстанда полицейлерге шабуыл жасаудың жазасын қатаңдату ұсынылды - © Sostav.ru
© Sostav.ru

Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қастандық жасау әрекеті үшін жауапкершілікті қатаңдатудың қажеттілігі туралы айтты, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біріншіден, кез келген азамат сияқты, құқық қорғау қызметкерінің де өмірі қорғалған болуы керек. Бұл әлемдік қолданыста бар, сондықтан мен қызметтік міндетін орындау кезінде құқық қорғау органдары қызметкеріне қастандық жасау әрекеті үшін жауапкершілік енгізуді қолдаймын. Бұл жүйе дұрыс жұмыс істеу үшін, осы жүйеде қызмет атқаратын адам және оның отбасы қызметіне қатысты қастандықтан қорғалған болуы керек. Бірақ қатаңдатылған қылмыстық жауапкершілік адамға қатысты шабуыл оның жұмысына мемлекеттік тапсырманы қамтамассыз еткеніне байланысты жасалған кезде қолданылуы қажет", - деп түсіндірді Жақыпов.

Іс жүзіндегі заңнама бойынша судья, прокурор және тергеушінің өмірі қорғалғанын түсіндіре кетті ол.

"Бүгінде бізде тергеушінің, прокурордың және судьяның өміріне қастандық үшін қылмыстық жауапкершілік бар. Бұл деңгейдегі адамдарды бөліп қойдық та, осы жұмысты атқаратын өзге адамдарды қорғаусыз қалдырдық", - деді вице-министр.

Мұның алдында ҚР Бас прокуратурасы заң өкілдеріне бағынбау үшін жазаны қатаңдатуды ұсынған болатын. Заң жобасы үкімет қарауында жатыр. "Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган, әскери қызметкер өміріне қастандық үшін" бабы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылуда.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай