23 маусым 2015 17:42

Қазақстанда пошта сәлемдемесінің келе жатқан жерін анықтайтын жүйе пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alitrack.ru © alitrack.ru

Қазақстанда пошта сәлемдемесінің қай жерде келе жатқанын анықтайтын жүйе пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда пошта сәлемдемесінің қай жерде келе жатқанын анықтайтын жүйе пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, пошта жөнелтілімдерінің жолын қадағалау қызметінің жаңартылған жүйесі енгізілді. Бұл жүйе аясында трекингтің бағдарлама коды өзгертіліп, жаңа серверге көшірілді. Сонымен қатар, жүйенің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіліп, жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

"Клиенттеріміздің жіберген сауалдарына жауап бере отырып, белгілі бір қызметті жақсарту үшін және қолдануға қолайлы болатын ұсыныстарды қарастырамыз. Трекинг бойынша біз роботтардан (боттардан) қорғайтын жүйені алып тастадық. Бұл өзгеріс сәлемдеменің қазіргі уақытта қай жерде келе жатқанын тез арада анықтауға жол береді", - дейді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов.

Оның айтуынша, жаңа мүмкіндер арасында сәлемдемелердің жылжу статусындағы өзгерістер жайлы электронды пошта арқылы хабарлау бар. Жаңа пошта жөнелтілімдерін қадағалау қызметінің басты ерекшелігі - ашық бағдарламалық интерфейс, Track API (https://track.kazpost.kz/docs/v1/). Оның көмегімен интернет дүкендер өз сайттарында, сатып алушыларына тауарларының қозғалысы жайында ақпарат бере алады. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети