ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қараша 2018 | 15:06
Қазақстанда психодиспансер мен наркодиспансерден алатын анықтама тегін болды
Қазақстанда психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама алу тегін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама алу тегін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне өзгерістер енгізілді. Бұрындары бұл үш анықтама ақылы түрде жасалатын.
Шымкент прокуратурасының мәліметінше, бұл анықтамалар 2018 жылдың 2 қазанынан бері тегін беріледі. Осы уақыттан бері ақылы түрде анықтама алған қала тұрғындары өз ақшасын қайтара алады.
"Бұл үшін анықтама берген мекемеге бару қажет", - деді қала прокуратурасының өкілдері.
Құзырлы органның мәліметінше, осы уақытта мекеме заңсыз түрде 5 миллион теңге алған. Психоневрологиялық анықтама - 350 теңге, наркологиялық анықтама - 350 теңге және туберкулезға қарсы мекемеден анықтама алу - 220 теңге көлемінде алып келген деректер анықталды.
"Жоғарыда атап көрсетілген мекемелер заңсыз түрде 8 күннің ішінде 5,4 миллион теңге табыс тапқан: туберкулезға қарсы күрес мекемесі - 406 анықтама (89 320 теңге), психоневрологиялық диспансер - 8048 анықтама (2 816 800 теңге), наркологиялық лиспансер - 7359 анықтама (2 575 650 теңге)", - делінген ведоство өкілдері.
Прокуратура өкілдерінің әрекеті барысында ақылы түрде анықтама беру шарасы тоқтатылды.
Показать комментарии
Читайте также