21 шілде 2015 15:13

Қазақстанда Ресей мен Украинадан әкелінген құс етін сатуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда Ресей мен Украинаның кейбір тауар маркаларының құс етін сатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстанда Ресей мен Украинаның кейбір тауар маркаларының құс етін сатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

"ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының аумағында жосықсыз өндірушілер өндіретін құс етін өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды. Мұндай шешім санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан патогенді микрофлоралардың (Salmonella) анықталуынан кейін қабылданды", - деп жазылған ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз хабарламасында.

Қазақстандағы тауық етін өткізуге уақытша тыйым салынған маркалар: "Мясоптицекомбинат "Благодарненский" ААҚ-ы өндіретін "Благояр" балапан еті (Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі, Благодар қаласы); "Мироновская птицефабрика" ЖАҚ өндіретін бройлер балапан ұшасы (Украина, Черкасск облысы, Канев ауданы, Степанцы селосы); "Нагайбакский птицеводческий комплекс" ЖШҚ өндіретін бройлер балапан және бройлер балапанның төс еті (Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Нагайбак ауданы); "Юбилейное" ЖШҚ өндіретін "Хорошее дело" бройлер балапан ұшасы (Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Чамзин ауданы, Чамзинка кенті).

Тиісті хабарламаның Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің уәкілетті органдарына жіберілгені белгілі болды.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының бөлшек сауда желісін Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ескертеді және тұтынушыларды Комитеттің департаменттерін бөлшек сауда желілерінде аталған өндірушілердің өнімдерін өткізу фактілері туралы белсенді түрде хабардар етуге шақырады", - деп жазылған ведомство хабарлмасында.

Айта кетейік, өткен жылдың сәуірінен бастап Ресей мен Украинаның етін әкелуге тыйым салынған болатын. Дегенмен қараша айында қайтадан рұқсат берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети