13 қазан 2015 16:48

Қазақстанда Ресейден сүт және ет өнімдерін әкелуге енгізілген уақытша шектеу алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kp.ru © Kp.ru

Қазақстанда Ресейден сүт және ет өнімдерін әкелуге енгізілген уақытша шектеу алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда Ресейден сүт және ет өнімдерін әкелуге енгізілген уақытша шектеу алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан Қырғызстан мен Ресейден сүт және ет өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізген болатын. Уақытша шектеу ресейлік келесі өнімдерге қойылды: Әртүрлі дәмі бар "HOCHLAND" балқытылған ірімшігі (Хохланд"ЖШҚ); әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігі ("Преображенский" ЖШҚ МК); йогурт сусындары ("Кампина" ЖШҚ); "Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей" құрамында сүт бар қойылтылған өнім ("Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ); сосиска өнімі ("Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ); "Шоколайт" және "Голландские" вафлиі ("КДВ Кемерово" ААҚ). Қырғызстандық өнеркәсіптің "Шаруа" сары майын әкелуге тыйым салды.

Бүгін белгілі болғандай, ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандары шектеу қойылған компаниялардың өнімдерін тексерді. "Преображенский" ЖШҚ МК, "Кампина" ЖШҚ, "Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ және "Хохланд Руссланд" ЖАҚ өнімдері зертханадан өткізілді.

"Зертханалық зерттеулерді талдау нәтижелері шектеу қойылған өнімдердің Қазақстан талаптарына толықтай сәйкес келетінін көрсетті. Осыған орай, Комитет енгізілген шектеулерді алып тастады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети