Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда ресейлік зымырандарды сынақтан өткізу уақытша тоқтатылды

28 Наурыз 2014, 12:35
0
Фото ria.ru сайтынан
Фото ria.ru сайтынан

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысында құлаған "МН-300" метеорологиялық зымыран апатының мән-жайы анықталғанша, ресейлік зымырандарды ел территориясында сынақтан өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Ресми хабарламаға сәйкес, бүгінде ресейлік зымырандарды сынақтан өткізу жұмыстары екі жақты келісімнің негізінде жүргізіледі. Ресей жеріндегі Капустин Яр полигонынан ұшырылған метеорологиялық зымыран да жоспарлы ұшырылымға жатады. Алайда оның қозғалтқыш жүйесінен ақау шықты. Соның салдарынан "МН-300" зымыраны Батыс Қазақстан облысында құлады. Адам шығыны жоқ. Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлағандай, апаттың экологиялық зардабы да болмауы тиіс.

"Қазіргі кезде Қазақстанның қорғаныс министрлігі ел аумағындағы Ресейге жалға берілген әскери полигондарда сынақ өткізуді тоқтатты", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай