Қазақстанда сот сарапшыларының республикалық палатасын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым ОКҚ брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз бірқатар түзетулерге бастамашы болдық, олар Қазақстанда сараптық қызметтердің балама нарығын құруды көздейді. Бұл қажеттілік осы саланың нақты монополиясыздандыруды қажет ететіндігіне байланысты туындады. Сондықтан, сот-сараптама қызметі туралы заң жобасында сот сарапшыларының республикалық палатасын құру, оларды аттестаттау шарттары, лицензиялау шарттары, және бұл институттың тез әрі тиімді қалыптасуына мүмкіндік беретін басқа да мәселелер қарастырылған", - деді Әбдірайым.
Ол, сондай-ақ министрліктің "Сот-сараптама қызметі туралы" жаңа заң жобасын әзірлегенін, ол сот-сараптама қызметіне қатысты және алдындағы көптеген мәселелерді шеше алатынын айтты. Заң жобасы жақын арада Парламентке бағытталады.