08 сәуір 2015 18:26

Қазақстанда республикалық сот сарапшылары палатасын құру жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Әбдірайым. ©Kazpravda.kz Бақытжан Әбдірайым. ©Kazpravda.kz

Қазақстанда сот сарапшыларының республикалық палатасын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым ОКҚ брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біз бірқатар түзетулерге бастамашы болдық, олар Қазақстанда сараптық қызметтердің балама нарығын құруды көздейді. Бұл қажеттілік осы саланың нақты монополиясыздандыруды қажет ететіндігіне байланысты туындады. Сондықтан, сот-сараптама қызметі туралы заң жобасында сот сарапшыларының республикалық палатасын құру, оларды аттестаттау шарттары, лицензиялау шарттары, және бұл институттың тез әрі тиімді қалыптасуына мүмкіндік беретін басқа да мәселелер қарастырылған", - деді Әбдірайым.

Ол, сондай-ақ министрліктің "Сот-сараптама қызметі туралы" жаңа заң жобасын әзірлегенін, ол сот-сараптама қызметіне қатысты және алдындағы көптеген мәселелерді шеше алатынын айтты. Заң жобасы жақын арада Парламентке бағытталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети