25 наурыз 2017 16:46

Қазақстанда сәуірде 18 миллионыншы тұрғын дүниеге келеді - болжам

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда сәуірде 18 миллионыншы тұрғын дүниеге келеді. Бұл болжам Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есебі бойынша шығып отыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваға сілтеме жасап.


Қазақстанда сәуірде 18 миллионыншы тұрғын дүниеге келеді. Бұл болжам Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есебі бойынша шығып отыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваға сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есебі бойынша, қазір қазақстандықтардың нақты саны - 17 миллион 945 мың 300 адам.

"2017 жылдың 1 ақпанындағы жағдайға сәйкес, Қазақстан халқының саны - 17 млн 945 мың 300 адам. Оның ішінде, 10 млн 305 мың 700 адам - қалада, 7 миллион 639 мың 600 адам ауылда тұрады. Халықтың 48,4 пайызы -  ер азаматтар, 51,6 пайызы - әйел азаматтар", - деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 ақпанынан бері халық саны 231 мың 500 адамға немесе 1,3 пайызға өсіпті. Халық саны  азаматтық хал актілерін тіркеу құжаттарында, сондай-ақ, көші-қон полициясының мәліметтеріне сай есептелген. Ал, кейбір әлемдік сайттардың рейтингтерінде көбіне орташа туу деңгейі есепке алынып, өздерінің алгоритмдеріне сай дайындалады, деп атап өтті баспасөз хатшысы.

"Қазақстан халқының санын анықтайтын есептеуіш БҰҰ-ның мәліметтеріне сүйене отырып, қазір елімізде 18 млн халық тұратынын көрсеткен. Бірақ, ресми статистикаға жүгінсек, халық саны әлі 18 миллионға жеткен жоқ. Әзірше, 1 ақпан бойынша еліміздегі халық саны 17 миллион 945 мың шамасында. Алла жазса, 18 миллионыншы қазақстандық сәуір айында дүниеге келеді деп күтіледі", - деп хабарлады ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети