19 сәуір 2017 16:52

Қазақстанда шенеуніктерді қоластындағы жемқор қызметкерлері үшін жауапқа тарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбайтын басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбаған басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынамыз. Соңғы 4-5 жылда органдардың беделі төмендеп жатыр. Жауапкершілік деген жоқ. Жемқорлық деректері анықталған басқармалардың басшыларына қатысты шаралар қолданылғанда, меніңше, жағдай өзгерер еді", - деді Алик Шпекбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланған, азаматтармен және әріптестерімен дөрекі сөйлескен, автокөлік құралдарын мас күйінде жүргізген, адамдардың ар-намысына тиген мемлекеттік қызметкерлерге Этикалық кодекс бойынша тек ескерту жасау мен қатаң сөгіс жасауға болатыны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети