20 сәуір 2017 14:23

Қазақстанда тағы бір родон қайнары ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақмола облысындағы "Бурабай" шипажайы аумағында ауыз су бастауы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілдшісі. 


Ақмола облысындағы "Бурабай" шипажайы аумағында ауыз су бастауы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілдшісі. 

"Оқжетпес емдік-сауықтыру кешені" АҚ директоры Қайрат Беркінбаевтың айтуынша, әлемде мұндай 500 ғана бастау бар. 

"Ары қарай біз оның суын емделушілер мен демалушылардың еміне пайдаланымыз. Су 700-800 метр тереңдіктен шығып жатыр. Мүны іске асыру үшін бес жыл уақыт кетті", - дейді Қайрат Беркінбаев "Шипажай-2017" халықаралық ғылыми-практикалық форум барысында. 

Мамандардың сөзінше, перораль радон терапия адам иммунитетін көтеріп, асқазан қызметін жақсартады. Сонымен бірге, родонды судың қабынуға қарсы седативті және анальгетикалық әсері бар. 

Сондай-ақ, шара кезінде жақын аралықта елдің емдік-шипажай қорының бірыңғай тізімін құру жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети