05 қаңтар 2015 17:14

Қазақстанда таксилерде балаларға арналған автокреслолардың болуы міндетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©hint4.me ©hint4.me

Такси жүргізушілерінде балаларға арналған креслолардың болуы міндетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасовқа сілтеме жасап. Бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінің өкілдері жол қозғалысының жаңа ережелеріне қатысты түсінік берді. 

"Таксилерде балалардың автокреслоларының болуы міндетті. Бұл жерде бастысы коммерциялық мақсаттағы тасымалдарға жағдай жасау емес, негізгі мақсат - таксист болсын, жеке көлік құралы болсын, балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін сақтау. Олар қауіпсіздік белбеулерімен жабдықталған көлік құралдарын пайдалануы тиіс", - деді брифинг кезінде Қанат Сәдуақасов. 

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы жаңа кодекс күшіне енді, онда әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімдері жаңартылды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы іс бойынша өндірістер қысқартылды, енді кінәлі тұлға айыппұл салынғаннан кейін 7 тәулік ішінде белгіленген соманың жартысын ғана төлей алады. 

Қаңтардан бастап Қазақстанда басқа да ережелер енгізіліп отыр: барлық көлік құралы күннің кез келген мезгілінде жақын жарық шамын немесе жүріс оттарын қосып жүруі тиіс. Елді мекен аумағында да, одан тыс жерде де осындай талап сақталуы керек. Бұл ережені бұзғандарға 5 АЕК көлемінде немесе 9910 теңге (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК көлемі - 1982 теңге) айыппұл салынады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети