04 қазан 2016 15:44

Қазақстанда Татарстанның өкілдігі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астана әкімі Әсет Исекешев пен Татарстан президенті Рустам Минниханов өзара ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық, іскерлік салаларда тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.


Астана әкімі Әсет Исекешев пен Татарстан президенті Рустам Минниханов өзара ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық, іскерлік салаларда тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Татарстан Республикасымен тарихи тамырымыз ортақ, бауырластық, сыйластық қарым-қатынас орнаған. Бүгінде осы дәстүрімізді табысты жалғастырып келеміз. Татарстан Астана мен Қазақстанның Ресей Федерациясындағы басты экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады", - деді Әсет Исекешев.

Татарстан Президенті Қазақстанның астанасына қуана келетінін, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің инфрақұрылымының құрылысының қарқынын ерекше атап өтті.

"Астана алдағы дүниежүзілік көрмеге шындап дайындалып жатыр, бұған көзім жетті. Мұнда озық технологиялар пайдаланылып жатыр. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі үздік көрмелердің бірі болатынына сенімдімін", - деді Рустам Минниханов.

Оның айтуынша, Татарстан салынып жатқан көрме кешендеріне қузығушылық танытуда. 2019 жылы Қазан қаласы кәсіпқой шеберліктен "World Skills Competition" әлем чемпионатына қатысады және оны өткізу үшін көрме кешенін салу керек. Рустам Минниханов осы салада тәжірибе алмасудың пайдалы екендігін атап өтті.

Тараптар 2017 жылы Астанада Татарстан күндерін өткізу мүмкіндігін талқылады. Қос республиканың астаналары бауырлас қалалар болып табылады.

Кездесу соңында Рустам Минниханов Қазақстан басшысына елімізде тұрып жатқан татарларға қолдау көрсеткені және мәдениетті сақтап, дамытуға жағдай жасағаны үшін алғыс айтты.

Астана әкімі мен Татарстан президенті Татарстан Республикасының Қазақстандағы Өкілдігін ашу салтанатына қатысты. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети