Қазақстанда таяу күндері 35 градус аяз болады

26 Қараша 2014, 15:26
0
©gippokratlechit.com
©gippokratlechit.com

Қазақстанда алдағы күндерде 35 градус аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Жақын күндері Қазақстанның батыс облыстарынан өзге аймақтарда қар жауады, солтүстікте секундына 13-20 метр болатын жел тұрып, оңтүстікте тұман, көктайғақ болады. Сондықтан қар жамылғысы қалыңдай береді. Алдағы екі тәулікте жаңбыр болмайды, түнде ауа температурасы 22-27 градус, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, оңтүстікте 10-20 градус суық болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, хабарламада осы кезең үшін мұндай температураның климаттық нормадан 3-8 градусқа төмен екені айтылған. "Күздің соңғы күндері өтіп жатыр, ал қыс Қазақстанға келіп қойды. Тіпті оңтүстіктегі облыстарда қар жамылғысының 3-15 сантиметрге жеткені тіркелді", - деді синоптиктер. 

Еске сала кетейік, аязға байланысты Астанада және Шығыс Қазақстанда алғашқы ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылған болатын.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай