06 қараша 2014 21:20

Қазақстанда тіркелген қылмыстар деңгейі 4,5 пайызға төмендеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

2014 жылдың 10 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға (300889-дан 287 311-ге) төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2014 жылдың 10 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға (300889-дан 287 311-ге) төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстылық барлық түрлері бойынша төмендеген, олардың ішінде аса ауыр қылмыстар – 17,7 пайыз (2 270-тен 1 868-ге), ауыр қылмыстар – 19,1 пайыз ( 29 586-дан 23 925-ке), ауырлығы орташа қылмыстар – 2,2 пайыз (232 070-тен 226 940-қа), ауыр емес қылмыстар 6,5 пайызға (36 963-тен 34 578-ге) азайған.

Қылмыстың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың әрекетін үйлестіру қылмыстылық құрамының негізін құрайтын қылмыстардың төмендеуіне ықпал еткен. Мәселен, ұрлық 1,9%, оның ішінде үйге ұры түсу 3,3%, бұзақылық 14,3%, тонау 25,4% төмендеген. Бұлардың барлық жасалған қылмыстар ішіндегі өзіндік үлесі 71 пайызды құрайды. Алькогольдік және есірткіге елтіген күйінде жасаған қылмыс 1,7%, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 18,8%, көшедегі қылмыс 9 % және қайталама қылмыс 3,8% төмендеген.

Әлемде нақты криминогендік жағдайды бағалайтын индикаторлар да қылмыстың төмендегенін көрсетіп отыр. Мәселен, кісі өлтіру саны 16,7 пайызға, қарақшылық 35 пайызға және бопсалау 16,3 пайызға азайды. Қоғамдағы қылмыстылықтың шынайы ахуалын қылмыстың дәл осы түрлері көрсетеді.

"Жалпы қылмыстың төмендеуі еліміздің барлық аумақтарында байқалады. Құқық қорғау органдары қабылдаған шаралар бүгінгі күнде еліміздегі қылмыстылық көрінісінің нақтылығына қол жеткізіп отыр, соның негізінде қылмыстың алдын алу, болжау және ескерту сәйкесінше жүргізілуде", - деп мәлімдейді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети