03 қыркүйек 2018 16:41

Қазақстанда тұңғыш рет химиялық кастрация жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева үкіметте өткен брифинг барысында Қазақстанда тұңғыш рет химиялық кастрация жасалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева үкіметте өткен брифинг барысында Қазақстанда тұңғыш рет химиялық кастрация жасалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы 1 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрация жасау тәртібі туралы бұйрық күшіне енді. Соттың шешіміне сәйкес, енді химиялық кастрация жасауға рұқсат берілді. Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Бүгінде соттың шешімі негізінде химиялық кастрация жасау бойынша бір өтініш түсті", - деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі. 

Бірақ вице-министр өтініштің нақты қалай қаладан түскенін нақтыламады.

Ақтаеваның айтуынша, елімізде химиялық кастрация жасауға 9 миллион теңгеден аса ақша бөлінді.

Еске салайық, 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойған еді. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар.

Хабарламада Заңның балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталғаны айтылады. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети