04 маусым 2015 17:46

Қазақстанда тұңғыш рет Назарбаевтың марапаттары көрмеге қойылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tour.prezidentsmuseum.kz © tour.prezidentsmuseum.kz

Қазақстанда тұңғыш рет Назарбаевтың марапаттары көрмеге қойылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда тұңғыш рет Назарбаевтың марапаттары көрмеге қойылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде "Мәртебесі биік марапаттар" атты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасының қоғамдық марапаттарының көрмесі ашылады. Алғаш рет қалың көрермен назарына Мемлекет басшысының 200-ден аса қоғамдық марапаты ұсынылады. Олардың қатарында "Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы", "Инвестициялық Періште" сыйлығы, "Жыл адамы" халықаралық сыйлығы және тағы да басқалар бар.

"Барлық награда мемлекетаралық ынтымақтастық пен ықпалдасу, мемлекеттік басқару және экономика, қауіпсіздік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, білім, ғылым және денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм саласындағы марапаттар тақырыптық бөлімдерге бөлінген", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, қоғамдық марапаттар жиынтығы өзінің құрамы жағынан әртүрлі: ордендер, алқалар, куәліктер, дипломдар, мақтау қағаздары және сертификаттар. "Мәртебесі биік марапаттар" көрмесі 17 тамызға дейін жалғасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети