11 ақпан 2015 14:15

Қазақстанда туындаған экономикалық ахуалға ЕАЭО кінәлі емес - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстанда туындаған экономикалық ахуалға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Кеден одағының (КО) кінәсі жоқ. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда туындаған экономикалық ахуалға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Кеден одағының (КО) кінәсі жоқ. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ресей рублінің құлдырауы мен қазақстандық ішкі нарықтағы қысымның күшеюі отандық өндірушілерге шығын келтіріп жатыр. Бірақ мұның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысы жоқ. Бұл - біздің стратегиялық бағытымыз. Біз бұл үшін Кеден одағынан да шықпаймыз. Одақты құрар кезде өмірдің өз өңдеуін енгізетінін айтқанбыз. Әлемдік капиталистік экономика, біз оның бір бөлшегіміз, осындай өңдеуді енгізеді. Қазіргі болып жатқанның барлығына Еуразиялық экономикалық одақ пен Кеден одағы кінәлі деп есептеу - дилетанттық", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы Ресеймен бірлесіп қажетті шаралардың жасалатыны туралы түсіндіріп берді. "Иә, Ресей қазір қиын жағдайға тап болды және біз Ресеймен біргеміз. Мұндай жабайы санкцияларды қолдану ешкімге көмектеспейді (...) Ресейдің бұл жағдайдан абыроймен шығатынына, мен сенімдімін. Бұл уақытша жағдайды шешу керек. Мен Ресей президентімен сөйлестім, Мәсімов (ҚР Премьер-министрі - Автор) барып Медведевпен сөйлесіп қайтты. Біз бұл мәселелердің шешімін табамыз. Осы мәселелерді шығарып отырған 10-15 кәсіпорынмен осы мерзімде келісімге келеміз. Мұның барлығы 2-3 тоқсанда теңеледі. Квота белгілеуге жолдастықпен, достастықпен келіседі. Міне осылай пайымдау керек", - деді Қазақстан Президенті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети